Ақкөл жалпы орта мектебінде 2021 жылдың 7 қазан күні 1 сынып білім алушыларының манту сынамасы мен БЦЖ екпесінен бас тартқан ата-аналарымен кездесу өтті.

Кездесуді ұйымдастырып өткізген:

А.Ж.Каржауова-Ақкөл жалпы орта мектебінің директоры;

Г.Т.Тогаева-Құрманғазы аудандық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері;

К.Г.Керешова – Құрманғазы аудандық білім бөлімінің әдіскері;

А.С.Кабдулова-Ақкөл амбулаториялық емханасының Аға дәрігері;

Г.К.Галиденова-Ақкөл амбулаториялық емханасының участкелік медбикесі;

М.Ергазиева-мектеп медбикесі;

С.Ш.Ергалиева-мектеп медбикесі.

Кездесуде 1 сынып оқушыларының манту сынамасы мен БЦЖ екпесінен бас тартқан ата-аналарына түсінік жұмысы жүргізілді.

Тыңдалды:

Құрманғазы аудандық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері: Г.Т.Тогаева

Құрметті ата-аналар, бүгінгі бас қосудың басты мақсаты Сіздерге Манту сынамасы және БЦЖ екпесі туралы айту. Сіздер білетіндей балаға ҚР-ның егу күнтізбесінде белгіленгендей туғаннан кейін 0-4 күн ішінде БЦЖ екпесі салынады. Содан кейін 6 жасқа толып бала 1 сыныпқа келгенде, ең алдымен манту сынамасы қойылады. Егерде Манту сынамасы іспеген жағдайда, яғни теріс /отр/ нәтиже болған кезде, балаңызға БЦЖ екпесі салынады. Манту сынамасы балаға денесінде /қанында/ туберкулез таяқшасы жоқпа соны анықтайды. Егер балаңыздың Манту сынамасы іспесе теріс /отр/ нәтиже, 2-4  сомнительный, 5 мм –ден жоғары болса положительный деп саналады. БЦЖ екпесі Манту пробасы іспеген жағдайда салынады. БЦЖ екпесі туберкулезден алдын-алу үшін салынады. Туберкулездің алдын-алу мақсатында балаларымызға Манту сынамасын, БЦЖ екпесін алуға шақырамын. Сұрақтарыңыз болса қоюға болады деді.

Назарова Гүльфара: 1г сынып оқушысы Аман Ақжол ата-анасы.

Мен өзімнің балаларыма жылда Манту пробасын,БЦЖ екпесін және басқа да екпелерін уақытылы салдырттым.1 сынып оқушысы ұлым Аман Ақжолға манту пробасы,БЦЖ екпесі  салдырдым.Ешқандай кері әсері болған жоқ.Менің ойымша екпе салдырту керек, балаларды түрлі аурудан сақтайды деген ойымен бөлісті.

Осы мәселені талқылай келе, Манту сынамасы балаларда туберкулез таяқшаларымен зақымдалуды және туберкулезбен науқастанғанды дер кезінде анықтау үшін қолданылады. Туберкулезге ең жақсы құрал-бұл алдын-алу. Сондықтан болашағымыз балаларымыздың өмірі сіздердің қолдарыңызда Ата-аналар деген тұжырымға келді.