06.10.21ж  күні Ақкөл жалпы орта мектебінде:қыздардың  жат қылықтарды ажырата білуі, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани болмысына келтіретін зияны туралы түсініктерін  дамыта отырып, қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктіліктің және келеңсіз оқиғалардың алдын алу,құқықтарын қорғау  мақсатында  мектеп инспекторы А.Ж.Жексенбаева, мектеп медбиексі С.Ергалиеваның қатысуымен , мектеп психологі Р.Темирова «Қызым үйде,қылығы түзде » тақырыбында  10-11 сынып қыздарымен профилактикалық жұмыс жүргізді.

Шара барысында тақырыптың өзектілігіне тоқтала отырып, жат қылықтардың  қыз бала тағдырына әсері,физиологиялық өзгеруі,ерте жыныстық қатынастың салдары және дамитын аурулар, психологиялық-әлеуметтік қиындықтардың туындауы және ерте жүктілікті болдырмау,алдын алу  күресу профилактикасы жөнінде ақпараттандырылды. Тақырып төңірегіндегі сауалдарға ,қыздар өз ойларын ашық айтып ,еркін пікірлесе отырып ,тақырыптың ашылуын әрі қарай өрбіте білді. Өзін дұрыс тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстану,қиындықтың алдын ала білу,өзін келеңсіз жағдаяттардан қорғай білу бағытында кеңестер берілді.

Кері байланыс кезінде  қыздар  тақырыптың өзектілігімен маңыздылығын талдай отырып,  тағыда пікірлесу-сырласу сағатын өткізуді ұсынды.