Ақкөл жалпы орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық   педагогикасы»тақырыбындағы онкүндіктің ұйымдастырылуы туралы

 

Х а б а р л а м а

 

Ақкөл жалпы орта мектебінде ақпан айының 2 мен 12-і  аралығында  «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы » тақырыбындағы онкүндік  шарасы өтті. Мақсаты: Махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адам қасиеті мен өзара. көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету. дағдыларын дамыта отыра рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс. қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

 

2 ақпан күні, өзін-өзі тану пән мұғалімдері   «Барлығын жүрегіңмен өлше»тақырыбында ашық сабақтарын өткізді.3 ақпан күні  1-11 сынып білім алушыларымен өткізілген «Махаббат жолындағы өмір» тақырыбындағы  өзін-өзі тану сабағы өтті.4 ақпан күні 5-11 сынып білім алушыларымен  «Рух батыры», «Бақыт үйі», «Бақыт ұясы» тақырыбында  шығармашылық жобалар байқауы өткізілді. 5 ақпан күні 1 сынып білім алушыларымен «Жақсылық сәулесі» балалар шығармашылығының  акциясы өтті. 5 ақпан  күні мектеп кітапханашысы Қаражигитова  Нұргүлдің ұйымдастыруымен 3-4 сынып білім алушыларына  «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы авторының қызметі туралы  «Мейірім төгетін ана» атты  кітап көрмесі  өткізілді. 8 ақпан күні  1-11 сынып білім алушыларына «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы авторы туралы фильмдер көрсетілді. 9 ақпан күні 1-11 сынып білім алушыларымен «Алтын жүрек» тақырыбында құттықтау видеолары мен эстафета   байқауы ұйымдастырылды.9 ақпан күні 1-4 сынып білім алушыларымен «Адамгершілік  пен руханилықтың хрустальды көктемі»балалар шығармашылығының фестивалі ұйымдастырылды.10-11 ақпан күндері ата-аналарға өткізілген  «Отбасы-адамгершілік пен руханияттың қайнар көзі» тақырыбында  тренинг өткізілді. Онкүндіктің жоспарына сай шаралар өз деңгейінде өткізілді. «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі балаларды жақсылыққа, сезімталдық пен мейірімділікке, адамдарға сүйіспеншілікпен қуаныш сыйлауға үйретуге бағытталды.