ХАТТАМА

 

Ақкөл жалпы орта мектебі     10.12.2020 жыл

 

Ақкөл жалпы орта мектебі бойынша «Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу» тармағының орындау мақсатындағы жиналыстан

 

Қатысты: 152 ата-ана

69 мұғалім

Түр: ZOOM платформасы

 

Күн тәртібінде қаралатын мәселе:

1.«Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында ,оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу» тармағының орындау мақсаты

Баяндамашы:мектеп директоры А.Ж.Қаржауова

 

Тыңдалды:

1.А.Ж.Қаржауова, мектеп директоры:

- Қайырлы күн, құрметті  жиынға қатысушы ата-аналар және ұстаздар! Бүгінгі ата-аналар жиналысының мақсаты: мектептегі оқу-тәрбие жұмысын оңтайлы жүргізу мақсатында ата-анамен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату және «орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде» есеп беру. Бүгінгі ұйымдастырылған ата-аналар жиналысына баршаңызда қош келдіңіздер!

 

Мектеп оқушылары жөнінде жалпы мағлұмат:

Биылғы 2020-2021 оқу жылының  І,ІІ оқу тоқсан қорытындысы бойынша 1-11 сынып аралығында – 817 оқушы, 38 сынып бар. Оның ішінде:        

1-4 сыныптарда –  430 оқушы, 19 сынып,

5-9 сыныптарда –  377оқушы,  18сынып,

10-11 сыныптарда –  82 оқушы, 4 сынып бар.

МАД бес тобында 109  тәрбиеленуші                 

Ш/О алты тобында 134  тәрбиеленуші бар.

 Барлығы 1079 білім алушы.

 

Мемлекеттік білім стандартының орындалуы.

Жоспарға сай 1-11 сыныптардың білім сапасының мониторингі І тоқсан бойынша жасалып отыр. Жалпы мектеп бойынша үлгермеуші оқушы және білім стандартын игермей отырған оқушы жоқ. Мектептің жалпы білім сапасы 53,4пайыз.

 

Жеке буындарға тоқталсақ:

1-4 сыныпта 430 оқушы, оқу озаттары 71, оқу екпіндісі 148. Бастауыш сыныптар бойынша білім сапасы 64,2 пайыз.

5-9 сыныпта 377 оқушы, оқу озаттары 69, оқу екпіндісі 112, білім сапасы 48,3 пайыз.

10-11 сыныпта 82 оқушы, оқу озаттары 8, оқу екпіндісі 18, білім сапасы 31,7 пайыз.

Мектепте тереңдетілген үш сынып бар. Олар 6 в сыныбы математика пәнінен (

Жаманкулова А), 6а сыныбы қазақ тілі пәнінен (Жанғатаева Б), 10б сыныбы қазақстан тарихы пәнінен (Мукашалиева Ж).

 

Мектептің материалдық – техникалық базасы:

Мектеп  типтік  500 орынға арналған. Үш оқу ғимараты бар. Мектепте  45 сынып кабинеттері бар. Соның ішінде оқу кабинеттері 41. Жаңа модификациялық кабинеттер туралы тоқталатын болсақ: интерактивті тақтамен   жабдықталған  8 кабинет. Мультимедиялық кабинет - 1. Компьютерлік кабинет – 2. лингофон- 2, физика кабиенті 2, химия кабинеті 2, биология 1, робототехника 1. 10 кабинет мультимедиялық проектормен жабдықталған. Кітапхана-1, акт залы-1, асхана- 1, медицина кабинеті -1.

 

Сонымен қатар «Террористік тұрғыдан осал обьектілердің террорризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулыға сәйкес мектеп бойынша 29 бейнебақылау орналастырылған. Соның ішінде: сыртқы бейнебақылау 13, ішкі 16.

 

Биылғы оқу жылында мектептің материалдық базасын жасақтау барысында жүйелі жұмыстар атқарылды. 2020 жылға қаралған қаржы есебі: 432153,0 теңге.

 

Оның ішінде:

1.Еңбек ақы шығындары – 384878 теңге

  1. Ұстау шығындары (коммун.қызмет, әр түрлі жұмыстар, т.б.) – 38046,6 теңге
  2. Алынғандар: Туалет жөндеу жұмыстарына 6471,1 теңге

Дезинфекция құралдары 1947,3 теңге

Тоннель 810,0 теңге

Мектеп жасындағы оқушыларды жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту туралы.

 

Мектептің ең негізгі міндеті – мектеп жасындағы балаларды жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту. Яғни мектепке қарасты мөлтекауданда тұратын 0-18 жас аралығындағы барлық балаларды тіркеуге алу, мектеп жасындағы оқушыларды 100% оқуға тарту , әр түрлі категориядағы отбасы балаларымен жұмыс жасау. Сонымен қатар оқушыларды мамандыққа баулу, оқушылардың ыстық тамағын және олардың тасымалдануын ұйымдастыру. Округ бойынша 0-18 жас аралығында   1546, 0-6 жас аралығы 672, 7-18 жас аралығы 974 бала.   Мектептегі жетім балалар – 38, аз қамтылған отбасы балалары – 19, мүмкіндігі шектеулі балалар  - 25, соның ішінде  мектепте оқитыны 14білім алушы.   Ыстық тамаққа қатысты  «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандаруды ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартының 2-қосымшасына сай құжаттары жинақталды. Қамтылған бала саны- 435. Тегін тасымалмен 70 бала қамтылуда.  

 

Ата-аналардың әлеуметтік құрамы:

Материалдық жағдай бойынша оқушылардың жанұя жағдайы төмендегідей: 

әлеуметтік жағдайы өте төмен -  5%, 

жұмыссыз  отбасы саны- 22%,

әлеуметтік жағдайы орташа  -66%, 

әлеуметтік жағдайы жоғары  -27%,

 

Ата-аналардың білімділік деңгейі: Жоғары білімділер-38%, орта  арнаулы білімділер -24%, орта білімділер-37%

 

Әдістемелік бағыттағы жұмыс жүйесі. 

Мектеп бойынша 11 бірлестік жұмыс жасайды.

Мұғалімдердің сапалық құрамына тоқталар болсақ, 103 мұғалім жұмыс атқарады.

Сонын ішінде білімі бойынша:

Жоғары білімді – 90

Арнаулы орта -13

 

Біліктілік санаты бойынша:

Жоғары санат -15

Бірінші санат -13

Екінші санат -6

Санатсыз - 31

Педагог-модератор – 7

Педагог-сарапшы -12

Педагог-зерттеуші - 19

 

Тәуелсіз елдің негізгі тірегі – білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы туды. Өздеріңізге белгілі 2016-2017 оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру мазмұнына көшіп, 5 күндік оқу күніне көшіріліп, жаңаша талаптармен білім алуда. Ендеше, білім беру мазмұнын жаңарту дегеніміз не? Білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін, Қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіру және баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Білім алушыларды жаңартылған мазмұнда оқытудағы басты мақсаты – алынған білім мен дағдыларын кез келген жағдайда, өмірлік практикада қолдана алуы. Мектебімізде бұл бағыттарды жұмыстарды жандандыру мен жүргізу жолында мектеп педагогтарының еңбегі зор. Қазіргі таңда 59 мұғалім жаңартылған білім беру мазмұны бойынша, 1 мұғалім критериалды бағалау жүйесі бойынша үйлестіруші курсын аяқтап, 31 мұғалім Кембридж технологиясы бойынша оқытудың деңгейлік курстарын және 1 мұғалім жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытуға бейінделіп, биология пәнінде терминдерді ағылшын тілінде қолдану арқылы сабақтар өтуде.

 

Мектеп бойынша «Жас маман» мектебінің жұмысы

 

Ақкөл жалпы орта  мектебінде жас ұстаздардың кәсіби сауаттылығын шыңдауға ұйтқы болып, әдістемелік  орталық «Жас мамандар» мектебі жұмыс жасап отыр. Оқу жылының басында мектеп директорының бұйрығымен  «Жас маман» мектебінің жеткшісі болып Э.Сидегалиева  тағайындалып, жасақталған жоспарларына сай, жас мамандардың есебі алынып,  тәлімгерлері  бекітілген. Мектеп бойынша 16 жас маман бар.

 

«Жасөспірімдерді жан-жақты тәрбиелеуде жеке тұлғаны қалыптастыру» мақсатында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асырудағы іс-шаралар  жоспарына сәйкес Қазақастан Республикасында сыбайлас  жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025  жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» ҚР Президентінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 986-Жарлығы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы»Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-Ү Заңы  басшылыққа алынып, «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс қимыл шараларының 2018 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» бөлімінің 2017 жылғы 28 желтоқсан күнгі № 908 санды бұрығын  іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында мектепішілік іс шаралар  жоспары жасақталып, жоспар мектепішілік барлық қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге таратылып, жүзеге асырылуда. Мектепте «Парасатты азамат» тақырыбындағы бұрыш жасақталды. Жыл ішінде тоқсанға сәйкес материалдары өзгертіліп тұрады.  Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар барысында мектептегі «Адал ұрпақ» клубы қызметінің жұмыстары тоқталатын болсақ:

 

Клуб жетекшісі аға тәлімгер Д.Иралиева тағайындалды. Мүшелері:1-11 сынып оқушыларынан -38 оқушы қамтылды.  Жоспары жасақталып, бекітілді. «Адал ұрпақ» тақырыбында стенд жасақталды. Стенд 2020 жылдың қарашасында 2 рет жаңартылды. Жоспарға сай барлық шаралары уақтылы өткізіліп отыр. 

 

11- сынып оқушыларын қорытынды  аттестаттауға, ҰБТ-ге, 9 сынып оқушыларын ОЖСБ-ға дайындау бағытындағы жұмыстар  «Қорытында аттестаттауға, ҰБТ мен ОЖСБ-ға дайындық кезіндегі мінез-құлық стратегиясы мен әдіс-тәсілдеріне, өзін-өзі бақылау, реттеу дағдыларына үйрету: өз  күшіне, өзіне  деген сенімділігін арттыру» мақсатында жоспарға сәйкес атқарылуда .  18.09 күні ҰБТ өткізудің жаңа форматы мен мамандықтар туралы түсінік беру, психологиялық  нұсқаулармен таныстыру мақсатында «Мен ҰБТ тапсырамын» тақырыбында онлаин-пікірлесу өткізілді. 24-25.09 күндері мектеп психологі баланың мамандықты дұрыс таңдауына ықпал етуге психологиялық ақпарат беру мақсатында 11 сынып білім алушыларына «Mамандықты қалай таңдасам екен? » Бұл жөнінде не білуім керек?» тақрыбында бейнроликтер дайындап,таныстырылды. Кері байланыс орнатылды. 5-6.10 күндері өз бойындағы жалқаулықтан жеңетін қағидамен таныстыру мақсатында 11- сынып білім алушыларына «Кейндзенті пайдаланыңыз» тақырыбында кеңес берілді. 17.11 күні «Алтын белгіге» үміткерлеріне емтихан мен ҰБТ-ға  дайындық ерекшелігі тақырыбында сауалнама өтті. 11.11 күні 9-сынып білім алушылардың кәсіби бағытын анықтау бағыт бағдар беру бағытында «Мен қаладым» атты тест жүргізілді.18.11күні 11 – сынып білім алушылардың мамандық таңдауға деген дайындық бағытында  Мамандыққа көз қарас тест алынып, нәтижесі таныстырылды. 23-28.11 күні 9-11 сынып білім алушыларының мазасыздық қобалжудың бағытын анықтау  «Филлипс» тест жүргізілді.  11.12 күні 11-сынып білім алушыларының ата-аналарына жеке даралық психологиялық ерекшелігін қызығушылығын қабілеті мамандық таңдауға деген псмихологиялық дайындықтарын қалыптастру және әлеуметтік психологиялық кемелдену сипатын негіздеу мақсатында бейімделігіне қарай жасөспірімнің мамандық таңдаудағы психорлогиЯлық тұрғыда бағыт бағдар беру тақырыбында семинар,вебинар өткізілді

.

«Дарын» бағдарламасының орындалуы бағытында айтар болсақ:

 

«Жан-жақты  білімді іскер өзіндік  ойлау жүйесі дамыған адамгершілігі жоғары, дені сау қабілетті жанды қалыптастыру» мақсатында мектепте дарынды оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспары жасақталып, бекітілді. Қашықтықтан оқту тәсілімен оқытатын мұғалімдерге бірнеше талаптар қойылады. Олар сапалы және терең білім беру үшін жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қодану мұғалімнің мбіліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты. Мұғалім сабақтың қызықты болуына көңіл аударады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту және пікір алмасу , пікірталастар ұйымдастыру арқылы олардың белсенділігін арттыруға тырысады. Педагогтардң ішінен талантты, шығармашлықпен жұмыс жасайтын ұстаздард анықтау, қолдауғ марапаттау,ынталандыру және озық тәжірибелерін арттыру мақсатын басшылққа алаотырып кәсіби байқаулар ұйымдастырылды. Осындай байқаулардың жеңімпаздарының қатарында 15 қазан күні Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kzолимпиада сайт бірлесіп ұстаздарға арнап ұйымдастырған Республикалық пәндік олимпиадасында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Р.С.Умиргалиева жүлделі ІІ орынға ие болған. Қазан айының 22 күні онлаин режимінде ұймдастырылып өткізген аудандық «Үздік ағлшын тілі сабағы»байқауына қатысқан А.Т.Жумагазиеваерекше жетістіктерге қо жеткізіп, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. 16.03 бастап Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыыз ету мақсатында елімізде төтенше жағдай енгізген болатын. Осыған байланысты біздің мектеп оқушылары қашықтықтан білім  алуда. Қазіргі қиын сәтте сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыыруда мұғалімснің атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктелген Ұстаздар қаумы қашықтықтан білім беру кезінде тек күнделікті сабақтарын беріп қана қоймай, шығармашылық жұмыстармен айналысып, қашықтықтан оқыту әдістемесімен өзара бөлісіп отырады.  22 қазан күні АББ ұйымдастырған педагогикалық тәжірибе алмасуға және өз қызметінің нәтижелерін көрсетуге ұмтылатын педагогтерді анықтау және қолдау мақсатында»Үздік химик-2020»онлаин байқауына Э.Сидегалиева «Алғыс хат» ие болды.25.10 күні 5-6 сынып оқушылары арасында математика, жаратлыс тану, қазақ тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен қашықтықтан мектепішілк олимпиада өтті. Оған 36 оқушы қатысты. 10 оқушы аудандық кезеңіне жолдама алды.

 

Интеллектуалды марафондарға  Ақботаға- 43 оқушы, Бритиш бульдогка – 19 оқушы, Орыс қонжығына – 37 оқушы қатысты.

 

Мектептің педагогикалық ұжымы, барлық техникалық қызметкерлері, ата-ана, оқушылары оқу-тәрбие үрдісін инновациялық бағытта жүргізе отырып, нәтижеге бағытталған білім мен тәрбие беру бағытында алға қарай жемісті жұмыстар атқарып, бірлескен түрде алға қарай да жоспарлы жұмыс жүретініне сенімім мол.

 

Қаулы:

-Орта білім беру ұйымдарында бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуы тиімді қолданылсын.

-Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қасры стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған іс шаралар жоспары үнемі назардан тыс қалмасын.

  

Жиналыс басшысы: А.Ж.Қаржауова

Жиналыс хатшысы: Р.М.Досалиева

 

 


«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі»мемлекеттік мекеменің «Ақкөл жалпы орта  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық  АНЫҚТАМА

 

І Кіріспе

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақкөл жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мектеп)-мектеп директоры басқаратын,өз құзыреті шегінде функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады, жүзеге асыратын жергілікті атқарушы мемлекеттік мекеме.

  Мектеп бір немесе бірнеше оқу бағдарламаларын жүзеге асырады және білім алушыларды күту мен тәрбиелеуді жүргізуді қамтамасыз етеді.

Мектепте 95 педагогикалық қызметкер, 58 техникалық қызметкер жұмыс істейді.  Жалпы 153қызметкер

Оқушы 885, сынып саны 41, мектеп алды даярық сыныбы 5, шағын орталық 7 топ, 2 ауысымда оқитын мектеп.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы маниторингтің мәні:

 Мектептегі сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы жүргізуі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақкөл жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы,Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылы,С.Құспанов көшесі 6 үй,телефон номері:87123371148 эл.поштасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

Басталды: 24 тамыз 2020 жыл.Аяқталды: 26 тамыз 2020 жыл

  1. Бақыланатын кезең: 2020 жылдың 1 қаңтары мен 2020 жылдың 25 желтоқсан аралығы

 

ІІ Ақпараттық талдамалық бөлім

  Ақкөл жалпы орта мектебі бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жем қорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Рсепубликасының 2015-2025  жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Рсепубликасы Президентінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 986-Жарлығы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы»Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-Ү Заңы  басшылыққа алынып, «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс қимыл шараларының 2018 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» бөлімінің 2017 жылғы 28 желтоқсан күнгі № 908 санды бұрығын  іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында мектепішілік іс шаралар  жоспары жасақталып, жоспар мектепішілік барлық қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге таратылып, жүзеге асырылуда.

1)2020 жылдың 8 айы бойынша бөлімде қабылданған құқықтық акт саны: Бұйрықтар: А) Кадрлар-128      Ә) Негізгі-52    Б) Оқушылардың қозғалысы -29   Барлығы: 209 бұйрық берілген. Құқықтық актілердің дұрыс  жасақталуы бақылануда. Түрлі тексерістер кезінде  қатаң есептегі құжаттар тобында мектептің бұйрықтар кітабының жүргізілуі бақыланып отыр. 2017 жылдың 5 қазан күні мектеп жарғысы жаңадан бекітілді.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі. Жыл ішінде 1 маман жұмысқа алынды.

           

 

Саны

 

Пән бойынша

Орыс тілі -1

Барлығы: 1

 

Еңбек kz

1

 

 

 

  

 

 

   Мектеп директорының орынбасарларының бос лауазымдарға қабылдау нұсқаулығы қатаң сақтала отырып, жүргізілді. 4) Мектеп мұғалімдерінің педагогтардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету педагог имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстарының жүргізілуі бойынша 1 түсінік жұмысы жүргізілді.

5) Бюджет қаражатының уақтылы және толық игерілуі бағытында жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылдың қаржы есебі 011 республикалық бюджет бойынша ерекшелік бойынша  еңбек ақы 78683т, жергілікті бюджеттен еңбек ақы  258538т, «Балапан»  бойынша 3314000т, 151 ерекшелігі бойынша комуслуг  3358000т, 149 ерекшелік бойынша конц. Хоз. Техн ремонт 3374000т, 152 ерекшелігі бойынша байланысқа 1489000т, осы қаржының ішінде ыстық тамаққа 23644000т 1-4с, 161 ерекшелігі бойынша іс  сапарға 792000т,163 ерекшелігі бойынша аз қамтылған отбасы балаларына киім 500000т, Мектепте мемлекеттік  сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақталуда:

Сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салуды алдын алу мақсатында мемлекеттік мүлікті пайдаланудың бақылауын күшейту бойынша: Мектепте мүліктерге және тауарды материалдарды құндылықтарға  түгендеу  жылма жыл қараша айында өткізіліп, желтоқсан айында қорытындысы жинақталып отырады.

 Қаржылық құжаттарды рәсімдеу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны басшының өзімен қол қою (өзге тұлғаларға бермеу) мәселесі қатаң сақталады. «Сыбайластыққа жол жоқ!» тақырыбында құқықтық оқыту семинар жиналыстарын ұйымдастыру, біліктілік арттыру курсынан  өткен -  3 мұғалім.

6)  Мектепте 4 мемлекеттік көрсетілетін  қызмет бойынша 2 түсіндіру жұмысы жүргізілді.

  Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мен қолжетімділігін қамтамасыз етуде дәлізде ақпараттық стенд: «Мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбымен 2018 жылдың 5 қаңтар күні жасақталып, ілінген, жыл ішінде 2 рет жаңартылып отырады.

8) Мектепте 2020 жылдың 8 айында барлығы 108 өтініш -арыздар түсіп, оның : 58 жеке тұлғадан өтініш арыздар түсіп, ал, ата-аналар 50 өтініш-арыздар түсіп, 2-уіде түсіндірілді. Мектепке түскен арыздарға уақтылы үнемі жауап беріліп отыр. Уақыты бұзылған өтініштер жоқ.

9) Мектеп ғимаратында тұрғындар үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі»орнатылған. 2020 жылдың 8 айында хат келіп түскен жоқ, мектеп инспекторымен бірігіп, хаттар талданды, түсінік жұмыстары жүргізілді. Сенім жәшігіне мектептің сенім телефоны ретінде 7-11-47 нөмірі бекітілген.

10) Мектепте «Парасатты азамат» тақырыбындағы бұрыш жасақталды. Жыл ішінде 4 рет материалдары өзгертіліп тұрды.

   Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар барысында мектептегі «Адал ұрпақ» клубы қызметінің жұмыстары:

Клуб жетекшісі аға тәлімгер Д.Иралиева тағайындалды. Мүшелері: 1-11 сынып оқушыларынан -36 оқушы қамтылды.  Жоспары жасақталып, бекітілді. «Адал ұрпақ» тақырыбында стенд жасақталды. Стенд 2020 жылдың 8 айлығында 3 рет жаңартылды. Жоспарға сай барлық шаралары уақтылы өткізіліп отыр. 

«Рухани-адамгершілік және азаматтық патриоттық» тәрбиелеу мәнінде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыруда мектепте сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәдениетті қалыптастырудың көздеген түрлі жоспарлы шаралар өткізілді. 

Жыл ішінде өтілген шаралар мониторингі:

р/с

Мазмұны

Саны

Қатысушылар саны,қамтылуы

Үздігі

Ата-ана

Мұғалім

Қоғамдық ұйым,мемлекеттік және құқық қорғау орган өкілдері

            Оқушылармен жүргізілетін шара

1

Сынып сағаттары

32

25

48

10

 8«б» сынып

Жемқорлыққа жол жоқ!

2

Мектепішілік шара

10

28

14

3

«Жемқорлыққа жол жоқ!» көрініс байқауы

Тәлімгер Иралиева Д.К

3

«Адал ұрпақ» клубының өткізген шарасы

3

22

12

5

«Жемқорлық-қоғам дерті!»

9-11сыныптар

            Ата-аналар үшін өткен шара

1

Ата-аналар жиналыстарында түсіндіру шаралары

2

320

68

11

-

2

Мектепішілік шара

3

110

15

2

«Сыбайластықтың тағдыры қысқа»

            Педагогтармен жүргізілген шара

1

Түрлі жиналыстарда түсіндіру шаралары

2

-

92

3

-

2

Мектепішілік шара

3

-

42

6

«Жемқорлықсыз қоғам»

 

Жалпы

65

600

303

50

 

 

Былтырғы жылмен  салыстырғанда

+6

+2%

-1%

+2%

 

               

 Барлық білім беру ұйымдарында ақша жинауды бодырмау, мектеп бітіру мен мерекелерде мұғалімдерге сыйлыққа ата-аналардан, оқушылардан  ақша жинауды болдырмау шаралары үнемі қатаң қадағалуға алынып отыр. Барлық білім беру ұйымдарында «Құрметті ата-аналар ақша жинауға тиым салынады» банері жасалып, мектептің көрнекі жері, яғни мектеп алдына орналастырылды. Биылғы оқу жылын бітірушілер үшін саланатты шаралардан кейін мектеп әкімшілігі тарапынан кештер ұйымдастыру болған жоқ.

   Мектепте «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Тұрмыстық жемқорлықты жоямыз да азаматтарға қолайлы жағдай жасаймыз», «Мектепте ақша жинауға болмайды!» және «Параға  емес, биікке ұмтыл!» және т.б.тақырыбымен халық арасында насихаттау және түсіндіру мақсатындағы кезекті даярланған жадынама үлгілері көрінікті жерге орналастыру тапсырмасы орындалып, мектеп фойесіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында стенділеріне ілінді. Жыл ішінде таратылған жадынамалар саны:

р/с

Кезекті даярланған жадынама тақырыбы

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде таратылым саны

Мекепішілік шаралардағы таратылым саны

Ата-аналарға

Мұғалімдерге

Ата-аналарға

Мұғалімдерге

Оқушыларға

1

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»

197

68

72

55

85

2

Жемқорлық қоғам дерті!

162

74

136

31

100

 

    Мектептердегі сынып сағаттарының және мектепішілік шаралары интернет ресурстарда және БАҚ-да жариялануы көрсетілген ақпарат жинақталған.

р/с

Сынып сағаттарының және мектепішілік шараларының атауы өткен мерзімі

Facebook және т.б.интернет ресурсындағы парақшалар атауы мен жарияланған мерзімі тақырыбы

1

«Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы» жобалар байқауы 23.01

Аудан  Алғыс хат

https:/www.facebook.com/  Досалиева Райзада

2

«Адалдық дүкені» ұйымдастыру. Тоқсанға 1 рет

 

 

https:/www.facebook.com/  Досалиева Райзада

3

«Менің бүгінгі сабағым-жемқорлықсыз қоғам» мұғалімдер арасында дәріс 24.02

4

«Жемқорлық індет, күресу міндет» басқосу 6.03

 

  Мектепте жұртшылық арасында насихаттау және түсіндіру жұмыстары басшылары тарапынан бақыланып отыр.  Мысалы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңнамасының түсіндірілуі, насихаттау жұмыстарының барысы 2020 жылы 2 рет мектеп  әкімшілігі жиналысында қаралды.

  Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілерге жол бермеу мақсатында педагог қызметкерлер мен оқушылардың және олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыру жолға қойылды.

1 1) Мектепке қатысты сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын мәселелер болған жоқ.

1 2) Мектептегі ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа ешқандай тәуекелдер анықталмады.

1)Мектептегі  «Kundelik» бірыңғай ақпараттық жүйесін пайдалану  және «Bilimland» білім платформасы сандық білім беру ресурсы жүйесін пайдалану жұмыстарын талапқа сай жүргізілуде.

Ақкөл жалпы орта мектебінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

ІІІ Қорытынды:

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ақкөл жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылады:

1)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай  құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіру;

2)сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шараларды басылым беттеріне жариялауды жандандыру.

Ішкі талдауды жүргізгендер:

1.Жумагазиева Айнур Танатаровна - мектеп  директорының оқу ісі бойынша орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі

2.Досалиева Райзада Махамбетовна - мектеп директорының тәрбие орынбасары жұмыс тобының хатшысы

Жұмыс тобының мүшелері:

3.Камидуллина Майра Тайырқызы - мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

4.Шайхимова Самалгүл  - кәсіподақ ұйымының басшысы

5.Шаяхметова Тайжан Тельжанқызы - әлеуметтік педагог

  1. Нұрмұхаметова Гүлжан –бас есепші
  2. Букетова Гүлмира Калиаскаровна-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасар

 

 

 

                   Мектеп директоры:                                                  А.Ж.Қаржауова