2021\2021 оқу жылына 1 сынып оқушыларын қабылдау туралы

Бірінші сыныпқа оқуға білімалушыларды қабылдау туралы мектеп директорының 2021 жылдың 30 наурыздағы №44 бұйрығы шығарылды.Білім беру  ұйымына қабылдау ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылдың 12 қазанкүнгі № 564 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш,негізгі орта және жалпы орта білімінің жалпы білім беретін оқу бағадарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекіту туралы»бұйрығына сәйкес жүзеге асыру мақсатында жауапты бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Қ.С.Қажыбаева тағайындалды.

Аталған бұйрықтың екінші бөлімінің 9.1 тармағы негізінде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру «электрондық үкімет»веб порталы арқылы жүзеге асырылуын қадағалау программист А.Беляловқа жүктелді.

Аталған бұйрықтың екінші бөлімінің 9.2 тармағы негізінде бастауыш білімінің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата аналарынан немесе өзгеде заңды өкілдерінен құжаттардықабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызға дейін жүзеге асыру жауапкершілігі,заң тармағы негізінде портал арқылы жүгінген көрсетілетін қызметті алушының «Жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып,мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінім қабылданғаны туралы хабарламаны жіберу жаапкершілігі бастауыш сынып пән бірлестік жетекшісі Г.Нажимоваға жүктелді.

1.Ата аналарға түсінік жұмысы жүргізілді.Төмендегі құжаттарды жинақтау туралы айтылды:

2.Ата ананың өтініші (өзге алмастыратын тұлға)

3.Баланың туу туралы куәлігі көшірмесі

4.Бала денсаулығы паспорты

5.3\4 фото көлеміндегі 2 дана

Ата ананың өтініші бір күн ішінде қаралатыны ескертілді.