Мектептегі  тамақтандыру

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығымен бекітілген  Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай – ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуімен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларына сәйкес және 2021/2022 оқу жылы балаларды тамақтандыру сапасын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында мектеп директорының 2021 жылғы, 20 тамыз күнгі №94 бұйрығына сәйкес төмендегі құрамда ыстық  тамақтың берілу сапасын зерделейтін топ құрылды:

Комиссия төрағасы – А.Ж.Каржауова; Комиссия мүшелері: 1.Р.М.Досалиева, 2. Т.Т.Шаяхметова 3. А.А.Муханова, 4. Г.Е.Кулетова, 5.С.Ш.Ергалиева.

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның мониторингті жүзеге асыруы бойынша жоспар құрылды:

 

Мазмұны

Мерзімі

Жауапты тұлға

1

Ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуы

20-31.08

Комиссия мүшелері

2

Тамақ өнімдерінің сапасын, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттарын бақылау

үнемі

Комиссия мүшелері

3

Өнімдерді өткізу мерзімдерін анықтау

үнемі

Комиссия мүшелері

4

Тамақ дайындау сапасын бақылау

Тоқсанға 2 рет

Комиссия мүшелері

5

Тамақтың балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігін анықтау

үнемі

Комиссия мүшелері

6

Ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауын бақылау

Күн сайын

медицина қызметкері

7

Тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау

Күн сайын

медицина қызметкері

8

Пайдаланылатын тамақ өнімдерінің сапасына бақылауды жүзеге асыру (тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттардың көшірмелері жеке папкада сақталады);

Күн сайын

медицина қызметкері

9

Мәзірдің дұрыс жасалуын бақылауды жүзеге асыру

Күн сайын

медицина қызметкері

10

Тамақтану сапасының мониторингі актісін ресімдей отырып, ас блогының қызметкерлеріне және (немесе) қызметті жеткізушіге алдын ала ескертусіз тамақтану сапасын тексеруді жүзеге асыру

Күн сайын

медицина қызметкері, комиссия мүшелері

11

Тамақ өнімдерінің сапасын, олардың сапасын куәландыратын құжаттардың болуын бақылауды жүзеге асыру (осы құжаттардың ксерокөшірмелері бракераждық комиссияның төрағасында сақталады);

Күн сайын

медицина қызметкері, комиссия мүшелері

12

Тамақтардың шығуын, дайындалған тамақтану көлемінің бір реттік порция көлеміне және балалар санына сәйкестігін тексеру

Күн сайын

медицина қызметкері

 

Тоқсан сайын комиссия жұмысының қорытындысы кейіннен олар білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қаралады  және орта білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырыла отырып, ақпарат түрінде ресімделеді.

Әр жылдың мамыр, қаңтар айларында комиссия қызметінің қорытындысы жалпы ата-аналар жиналысында қаралады.

Жауапты қызметкердің байланыс деректері:

                                       

Аты – жөні

Лауазымы

Байланыс телефоны, эл. поштасы

1

Шаяхметова Тайжан Телжановна

Әлеуметтік педагог

+7 702 188 08 31

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 


Мемлекетік көрсетілетін қызмет туралы ақпаратттар Ақкөл жалпы орта мектебінің 1қабатында  әлеуметттік педагогтың кабинетінде орналасқан.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы стенд ілінген.Тегін  тамақтану қызметін алушыларға өтініш беру тәртібін түсіндіру жұмыстары сынып және ата аналар жиналыстарында,жеке келген тұлғаларға мамыр айынан тамыз айы бойы үнемі түсіндіріліп отырылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «13» сәуірдегі № 198 бұйрығының 6 – қосымша «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты на сәйкес

 Тегін және жеңілдетілген бағамен тамақтану тәртібі:

Тегін және жеңілдетілген бағамен тамақтану.Бұл мемлекеттік қызмет жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен оқушыларының жекелеген санаттарына көрсетіледі.

Отбасыларға беріледі:

  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу құқығына ие болғандарға;
  • Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмек талап ететіндерді немесе білім беру ұйымының алқалы басқару органымен анықтайтындарды;
  • Жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдарда;
  • Отбасында тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға.

Қызмет көрсету мерзімі

5 жұмыс күндер Құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ платформасына жүгінген кезде

15 минут Қызмет көрсетушіде құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты30

30 минут Қызмет көрсетушінің қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты

Құжаттар тізімі

  1. 1

Өтініш

Ата-анасының біреуінің (немесе басқа заңды өкілдерінің) өтініші

  1. 2

Жеке басын куәландыратын құжат

Ата-ананың немесе заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат

  1. 3

Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі

Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет)

  1. 4

Неке қию немесе ажырасу туралы куәліктің көшірмесі

Неке қию немесе ажырасу туралы куәліктің көшірмесі

  1. 5

Әлеуметтік мәртебені растайтын құжаттың көшірмесі

  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың балалары - көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларына жататынын растайтын анықтама;
  • Жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен болатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алмайтын отбасылардың балалары үшін - алынған табыстар туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы анықтама, кәсіпкерлік және басқа қызмет түрлерінен алынған табыстар туралы; балалар мен асырауындағы басқа адамдарға алимент түріндегі табыстар туралы);
  • Отбасында тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар үшін - отбасында тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға қамқоршылықты (қорғаншылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
  • Төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардың балалары мен оқушылар мен тәрбиеленушілердің басқа санаттары үшін білім беру ұйымының алқалы басқару органы анықтайды - отбасының материалдық және тұрмыстық жағдайларын зерттеу негізінде алқалы органның шешімі.

Ағымдағы жылдың 2021\22 оқу жылында Жеке кәсіпкер «Кубашева Р.М» келісімшартқа 13 шілде күні отырылды.320 қаулығы сәйкес мектеп медбикесі аусымдық ас мәзірін тағайындады. Асханада «Ас адамның арқауы» атты стендіде салауатты тамақтану бойынша ақпаарттар ілінді

Салауаттты тамақтану бойынша ақпарат


Мектеп оқушыларын сапалы тамақтандыру

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығымен бекітілген  Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру,сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда,жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуімен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларына сәйкес және 2020/2021 оқу жылы балаларды тамақтандыру сапасын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында мектеп директорының 2020 жылғы 28 тамыз күнгі №82 бұйрығы шықты.Онда 2020/2021 оқу жылына арналған тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу бойынша келесі құрамдағы комиссия бекітілді:Комиссия төрағасы-А.Ж.Каржауова;

Комиссия мүшелері:     1.Р.М.Досалиева-тәрбие орынбасары

                                   2.Т.Т.Шаяхметова-әлеуметтік педагог

                                   3.А.А.Муханова-бас есепші

                                   4.Г.Е.Кулетова-қоғамдық ата-аналар кеңесі

                                   5.Г.Б.Сауырова-қамқоршылық кеңес

                                   6.С.Ш.Ергалиева-мектеп медбикесі

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізілді.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы №320 қаулысымен бекітілген білім алушылардың жекелеген санаттары үшін перспективалық мәзірдің бір мәрте  тамақтану нормалары сақталған.Балалардың тамақтану рационында сүт, бал, жаңа піскен балық тағамдары, сүзбеше, шырын, жемістер, ет қоылған бірінші және екінші тағамдар, сәбізден, орамжапырақтан жасалған салаттар бар.Бұдан басқа,балалардың нақты тамақтану рационының перспективті мәзірі мен жүйелілігі сәйкес.Сондай-ақ,ас блоктарында сақтау мерзімі өткен азық-түліктердің,бүлінген  тамақ өнімдерінің болуы,асхана қызметіне санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылары болу фактілері анықталмады.Мектеп медбикелері тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын күн сайын сапалы органептикалық бақылау жүргізіп отырады.  Тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде СанЕН нормаларының негізінде мектеп асханасында оқушыларды тамақтандырудың ұйымдастырылуын бақылау,тағам дайындау технологиясын сақтау, азық-түліктің сапалы ассортиментін қолдану мақсатында төмендегі құрамда комиссия құрылды.

Комиссия төрағасы- Ж.Ғ.Ерғалиева-директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары;

Комиссия мүшелері: 1.Т.Т.Шаяхметова-әлеуметтік педагог;

                               2.С.Ш.Ергалиева-медициналық қызметкер

Комиссия міндеттеріне мыналар енгізілді:

-Дайын өнімге күнделікті органолептикалық талдау жүргізу;

-Ас блогының санитариялық-гигиеналық жай-күйін бақылау;

-Күнделікті комиссияның жұмыс нәтижелері туралы акт жасау.

Ақпан айының 1нен бастап 1-4 сынып оқушылары -428 және әлеуметтік осал топ санатына жататын 5,9 сыныптан 2 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.

ҚР 2021 жылғы 14 қаңтардағы №2 қаулысын басшылыққа алып асхана мен білім беру объектілерінде қызметкерлер арасында COVID-19 дың таралуына жол бермеу мақсатында Жалпы ережеге сай:

1.Объектіге кіреберісте қолды тері антисептигімен (оның ішінде орнатылған дозаторлар көмегімен) немесе дезинфекциялау сулықтарымен өңдеуге арналған орын ұйымдастырылған (білім беру объектісінің ғимаратынан оқшауланған кіретін жер болған жағдайда);

-тұрақты қол гигиенасы үшін ортақ пайдаланылатын орындарда (өндірістік үй-жайлар, санитариялық тораптар) қолды сабынмен жууға арналған қолжуғыштар (оның ішінде қабырға дозаторларымен жабдықталған), қолды тері антисептигімен өңдеуге арналған дозаторлар, жеке қағаз сүлгілер немесе электр сүлгілер орнатылған, қақпағын ашуға арналған аяқ педалі бар қоқыс контейнері орнатылды;

-персоналды келушілермен жұмыс істеу кезінде пайдалану үшін бір рет қолданылатын медициналық маскалармен (жұмыс ауысымының және маскаларды ауыстырудың ұзақтығына қарай 3 сағатта кемінде 1 рет), сондай-ақ қолды өңдеу үшін дезинфекциялау сулықтарымен немесе тері антисептиктерімен, қолғаптармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілген.

- персоналдың жұмыс орындары арасында қашықтықты (1,5 метрден кем емес) сақтай отырып, олардың асхананың қызметтік өндірістік үй-жайларында объектінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті барынша аз мөлшерде болуын қамтамасыз етілген;

- өндірістік процестермен (технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету, шикізат пен өнімді жеткізу) байланысты жұмыстарды орындайтын адамдарды қоспағанда, асхана қызметіне байланысты емес адамдардың кіруін шектелген;

- үзіліс және демалыс уақытында асхана қызметкерлерінің қозғалысын шектелген (объекті аумағынан шығу, лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты емес басқа учаскелерге бару);

- білім беру объектісінің оқушыларымен, оқытушылар құрамымен және персоналымен ғана байланысатын қызметкерлерді тіркеу журналы басталған;

  1. Асханаға кіреберісте қол жууға арналған жағдайлар, келушілердің қолын өңдеуге арналған тері антисептиктері көзделген, олар көрінетін және қолжетімді жерлерде орнатылған
  2. Бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу мақсатында асхана тек оқушыларға, оқытушылар құрамына және білім беру объектісінің персоналына ғана қызмет көрсетуде;
  3. Асхана қызметкерлері мен келушілер (оқушылар, оқытушылар құрамы, білім беру объектісінің персоналы) үшін асханаға кіру мүмкіндігінше бөлек көзделген
  4. Асхананың толтырылуы тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатынан 30%-дан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылуда;
  5. Үстелдерді, орындықтарды және өзге де мүкәммалды орналастыруды үстелдер арасындағы және келушілер арасындағы кемінде 2 метр қашықтықты қамтамасыз етуді ескерілген;
  6. Асханалардың жұмыскерлері (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да жұмыскерлер) келушілерге қолын жиі өңдей отырып, бір рет қолданылатын маскамен (маскаларды ауыстыру 3 сағатта кемінде 1 рет) қызмет көрсетілуде;
  7. Асханаларда өзіне-өзі қызмет көрсету типі бойынша тарату жүргізілілмейді.
  8. Келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгі қою, қоршаулар мен тосқауыл ленталарын қою арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу, кіретін және шығатын адамдардың қозғалыс ағынын бөлу мүмкіндігін көздеу қамтамасыз етілген;
  9. Арасында кемінде 2 метр қашықтық сақтала отырып, 5 адамнан артық кезек құрылмайды.
  10. Жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ететін жауапты қызметкер болып әлеуметтік пеадгог Т.Т.Шаяхметова,ДШІО Ж.Ерғалиева бекітілген;
  11. Буфет өнімдерін сату жеке қаптамада жүзеге асырылу қарастырылған;
  12. Асхананың жұмыс режимі мектеп әкімшілігімен келісім бойынша тамақтану аяқталғаннан кейін (ағындар арасында) тамақтану залын жинау және дезинфекциялау үшін кемінде 40 минут үзіліспен белгіленген;


Мектептегі ас мәзіріне мән беру.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымынша, денсаулық – аурудың және тәндегі кемістіктің жоқтығына ғана емес, физикалық, рухани және әлеуметтік жағдайының жақсы болуына да байланысты. Осы қорытындыға сәйкес, денсаулықтың негізгі көрсеткіштерінің бірі – дұрыс тамақтану. Оның ішінде мектеп оқушыларының дұрыс әрі уақтылы тамақтануы маңызды мәселе. Мектеп оқушысының тамақтануы рационалды және саламатты болуы қажет. Себебі кәмелеттік жасқа дейін ағзаның қалыптасуы жүзеге асады.Ақкөл жалпы орта  мектебінде 1-4 сынып оқушылары түгелдей ыстық тамақпен қамтылып отыр.Төменгі сынып оқу­шыларына арналған сапалы тамақ 336 теңгелік бюджетке сай. Ерекше тәртіп бойынша мектептің ас блоктарына ай сайын 1 рет  бақылау мониторингісі жүргізілді. Жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың тамақтануына қойылатын талаптарды қайта қарау кезінде қызметтердің өнім берушісін таңдау бойынша конкурстың ұйымдастырушысы ретінде мекеме басшысы айқындалған. Сондай-ақ ата-аналар комитеті өкілдерінің, мектеп әкімшілігінің, медицина қызметкерінің және басқа да тұлғалардың қатысуымен тамақтың сапасын мониторингілеу жөніндегі комиссия құрылды.Комиссия мүшелері ас блогін,тамақ ішетін залды,қадағалап бақылады. Бүгінде әр кәсіпкер өндірістік бақылау жүргізу мүмкіндігіне ие. Бұл кәсіпкерге заң бұзушылықтың туу тәуекелін төмендетеді Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс және пайдалы тамақтануында фастфуд, тәтті сусындар, кофеиннің көп мөлшері, консерванттар, бояғыштары бар тағамдардың болмауы өте өзекті. Қант және тұзы көп тағамдарды шектеу де өте маңызды. Мектеп оқушыларының таға­мында тұздың ұсынылған мөлшері күніне – 5 грамм немесе 1 шай қасықтан аспауын үнемі қадағаланды. Физио­ло­гиялық қажеттіліктеріне сәйкес келетін, құрамында құнды дәрумендері мол ас мәзірі үнемі қолданыста болды  Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті де «бос» калорияға бай фастфудтарға және басқа да өнімдерге қарағанда теңдестірілген ыстық тамақ баланың өсіп келе жатқан организміне әлдеқайда пайдалы екендігін ескертеді. Ыстық тамақ ішетін оқушы оқу материалын жақсы игереді және сабақ аяқталғанша сергек болады, аз шаршайды. Мектеп асханаларында ыстық тамақты чипсымен, кептірілген нанмен, шоколадпен алмастыру балалардың денсаулығына өлшеусіз зиян келтіретінін ескеріп 5-9 сынып оқушылары арасында «Зиянды және пайдалы тағамдар», «Ас мәзірі», «Таңғы ас» тақырыптарында сынып сағаттары өз деңгейінде өтілді.

 

Бір күндік ас мәзірі.

 

.

 

 


Мектептегі ас мәзіріне мән беру.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымынша, денсаулық – аурудың және тәндегі кемістіктің жоқтығына ғана емес, физикалық, рухани және әлеуметтік жағдайының жақсы болуына да байланысты. Осы қорытындыға сәйкес, денсаулықтың негізгі көрсеткіштерінің бірі – дұрыс тамақтану. Оның ішінде мектеп оқушыларының дұрыс әрі уақтылы тамақтануы маңызды мәселе. Мектеп оқушысының тамақтануы рационалды және саламатты болуы қажет. Себебі кәмелеттік жасқа дейін ағзаның қалыптасуы жүзеге асады.Ақкөл жалпы орта  мектебінде 1-4 сынып оқушылары түгелдей ыстық тамақпен қамтылып отыр.Төменгі сынып оқу­шыларына арналған сапалы тамақ 336 теңгелік бюджетке сай. Ерекше тәртіп бойынша мектептің ас блоктарына ай сайын 1 рет  бақылау мониторингісі жүргізілді. Жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың тамақтануына қойылатын талаптарды қайта қарау кезінде қызметтердің өнім берушісін таңдау бойынша конкурстың ұйымдастырушысы ретінде мекеме басшысы айқындалған. Сондай-ақ ата-аналар комитеті өкілдерінің, мектеп әкімшілігінің, медицина қызметкерінің және басқа да тұлғалардың қатысуымен тамақтың сапасын мониторингілеу жөніндегі комиссия құрылды.Комиссия мүшелері ас блогін,тамақ ішетін залды,қадағалап бақылады. Бүгінде әр кәсіпкер өндірістік бақылау жүргізу мүмкіндігіне ие. Бұл кәсіпкерге заң бұзушылықтың туу тәуекелін төмендетеді Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс және пайдалы тамақтануында фастфуд, тәтті сусындар, кофеиннің көп мөлшері, консерванттар, бояғыштары бар тағамдардың болмауы өте өзекті. Қант және тұзы көп тағамдарды шектеу де өте маңызды. Мектеп оқушыларының таға­мында тұздың ұсынылған мөлшері күніне – 5 грамм немесе 1 шай қасықтан аспауын үнемі қадағаланды. Физио­ло­гиялық қажеттіліктеріне сәйкес келетін, құрамында құнды дәрумендері мол ас мәзірі үнемі қолданыста болды  Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті де «бос» калорияға бай фастфудтарға және басқа да өнімдерге қарағанда теңдестірілген ыстық тамақ баланың өсіп келе жатқан организміне әлдеқайда пайдалы екендігін ескертеді. Ыстық тамақ ішетін оқушы оқу материалын жақсы игереді және сабақ аяқталғанша сергек болады, аз шаршайды. Мектеп асханаларында ыстық тамақты чипсымен, кептірілген нанмен, шоколадпен алмастыру балалардың денсаулығына өлшеусіз зиян келтіретінін ескеріп 5-9 сынып оқушылары арасында «Зиянды және пайдалы тағамдар», «Ас мәзірі», «Таңғы ас» тақырыптарында сынып сағаттары өз деңгейінде өтілді.

 



Мектептегі тамақтандыру

Ақкөл жалпы орта мектебінде бастауыш оқушыларын және әлеуметтік осал топ балаларын ыстық тамақпен қамту жақсы жолға қойылған.Ыстық тамақпен қамтылған барлық бала саны-485.Оның 443-і бастауыш сынып оқушылары. Оқу жылының басында ата-аналар қоғамы мен мектеп әкімшілігі қатарынан бракераждық комиссия құрылды.2019 жылдың 23 желтоқсан күні комиссия мүшелері дайын және шикі өнімнің сапасын бақылау үшін мониторинг жүргізді.Асханада санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын тексерді.

Медициналық  жұмыскер С.Ергалиева мен тамақтандыруға жауапты тұлға оқушыларды тамақтандыру кестесін әзірлесіп,оқу жылы бойы  бекітілген апталық мәзір мен перспективалық мәзірін бақылады.СанЕҚ талаптарына сәйкес бракераждық журналдары,денсаулық журналдары жүргізіліп отыр.

Директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары Г.К.Букетова мен медициналық қызметкер ас блогындағы жабдықтың тізімін жасаған.Бақылау қорытындысында Санитариялық нормалардың қатаң сақтақталғанын байқадық.2 оқу тоқсаны бойы мектеп бойынша су ішу режимі сақталды.

 

Асханада балалардың ыстық тамақтануы


 

Ас мәзірі талапқа сай

 

Ас блогында құрғақ тамақтар дұрыс сақталуда

 

 

Төрт апталық ас  мәзірі жасақталған

 

 

Қол жуғыш,сүлгілер дайын


Мектептегі тамақтандыру

Ақкөл жалпы орта мектебінде ыстық тамақпен 1-4 сыныптардағы -443 бала,5-11 сыныптардағы аз қамтылған -41 отбасы баласының тізімі дайындалды. Барлығы- 486 бала қамтылып отыр. Мектеп асханасы 2 ғимаратта орналасқан, 52 орындық,буфеттік жүйе қарастырылмаған, су құбыры орталықтан тартылған.аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі санитарлық тексеру жүргізіп,асхананың жұмыс жасау дайындығы анықталып,жұмыс жасауға жазбаша рұхсат берілді. Ыстық тамақтың берілуін қадағалау комиссиясын  құру туралы мектеп директорының 2019 жылдың 31 тамыздағы №178 бұйрығы шығарылды. Ыстық тамақпен қамту үшін жасақталған жоспарға сай 6 б сынып оқушыларына «Зиянды тағамдар» тақырыбына мектеп медбикесімен бірігіп дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 7-8 сыныптарында «Тамақтану тәртібі» тақырыбында сынып сағаты өтіліп,жаднама үлестірілді.Сынып сағатының мақсаты-адам денсаулығына тамақ мәзірінің пайдасы туралы айтылды.

 

 

Мектепте балалардың тамақтандыруына бақылау жөніндегі комиссия жұмыс жасайды.

 

 

Ас мәзірі үнемі талапқа сай болды.

 

 

Білім алушылар жекеленген ыдыстардан тамақтанады.

 

 

 

 

Қоймада әр тағамға арналған контейнерлер бар,сонда тамақтар сақталады.

 

 

 

Қолжуғышта су құюлы,майлықтар дайын.

 

 

 

 

Ас залында пайдалы  тамақтану туралы  стендлармен жабдықталған.

 

 

 

 

 

 

 


Ақкөл жалпы орта мектебінде ыстық тамақпен 1-4 сыныптардағы -414 бала,5-11 сыныптардағы аз қамтылған -13 отбасы баласының тізімі дайындалды. Барлығы- 427 бала қамтылып отыр. Мектеп асханасы 2 ғимаратта орналасқан, 52 орындық,буфеттік жүйе қарастырылмаған, су құбыры орталықтан тартылған.аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі санитарлық тексеру жүргізіп,асхананың жұмыс жасау дайындығы анықталып,жұмыс жасауға жазбаша рұхсат берілді. Ыстық тамақтың берілуін қадағалау комиссиясын  құру туралы мектеп директорының 2018 жылдың 28 тамыздағы №161 бұйрығы шығарылды. Ыстық тамақпен қамту үшін жасақталған жоспарға сай 6 б сынып оқушыларына «Зиянды тағамдар» тақырыбына мектеп медбикесімен бірігіп дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 7-8 сыныптарында «Тамақтану тәртібі» тақырыбында сынып сағаты өтіліп,жаднама үлестірілді.Сынып сағатының мақсаты-адам денсаулығына тамақ мәзірінің пайдасы туралы айтылды.Мүмкіндігі шектеулі 5 б,в сынып оқушылары Абуев Тілек пен Қожағалиев Ерасыл  үйлеріне және 1 б сынып оқушылары Ғалымжан Сымбат пен Ізбасарұлы Рахатқа барып,тиесілі тамақтары жеткізілді.

 


Мектепте балалардың тамақтандыруына бақылау жөніндегі комиссия жұмыс жасайды.


Ас мәзірі үнемі талапқа сай болды.


Білім алушылар жекеленген ыдыстардан тамақтанады.

 

 

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Ақкөл жалпы орта мектебі

 

« Пайдалы және зиянды тағамдар»

(сынып сағаты)

 

 

Өткізген: 6 «б» сынып жетекшісі А.А. Джаменова

 

 

 

2018-2019 оқу жылы

 

Тақырыбы: Пайдалы тағамдар мен зиянды тағамдар




Пайдалы тағамдар









6 «б» сыныбында «Пайдалы және зиянды тағамдар» тақырыбында өткізілген сынып сағаттан фото- суреттер