Название Скачать
1 Күлкі күні
2 Қош бол, Жайдарлы жаз
3 Қош келдіңдер, балдырғандар
4 Спорт күні
5 Сурет салу
6 Ұлттық ойын
7 Балалығым-бақытты шағым
8 Демаламыз күлеміз
9 Лагерь жырын айтамыз
10 Лагерь ханзадасымен ханшайымы
11 Өрт-тілсіз жау
12 Тәрбиешіміз және біз спорт сүйер балғынбыз
13 Туған жерім-тал бесігім
14 Бала-өмір гүлі

 

Ақкөл жалпы орта мектебі бойынша «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясының өтілуі жайлы  ақпарат.

2021 жылдың  13 тамыз-20 қыркүйек  аралығында мектебімізде «Қауіпсіз мектеп автобусы» Республикалық акциясы өткізілді. «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясының іс – шара жоспары жасақталды.

 «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін» ұранымен, 1-4, 5-7, 8-11 сыныптар арасында  «Жол ережесін білу, бәріңе міндет!» тақырыбында сынып сағаттары  ұйымдастырылып, өткізілді.Кезекші сыныптарда «Жол ережесін білесің бе?» тақырыбында сынып сағаттары өтілді. Айлық кезінде «Жолда жүру қауіпсізідігін сақтау» бойынша  тәрбие сабақтары бастауыш сыныптар арасында сурет сайыстары өткізілді.Акция аясында пандемия жағдайын ескере отырып,балаларды мектепке және үйге дейін қаіпсіз және жайлы жеткізуді қамтасыз етуді қолға алды.Мектеп автобусы люминесцентті бояулармен (қараңғыда жарықтандыратын), айқын естілетін дыбыс сигналдарымен қамтамасыз етілді.«Қауіпсіздік шұғыласы» атты сурет байқауы мектебіміздің 1 қабатында, сынып бөлмелерінде  ұйымдастырылды. Ақкөл жалпы орта мектебінде шалғай көшелерден оқушыларды тасымалмен қамту үшін 2021 жылдың 23 тамызында №95 бұйрық жасақталды.Тасымал ПАЗ 32054 маркалы,мемлекеттік номері №Е679 АН,жүргізуші Шамеденов Муфтах автобусы.Мектеп бойынша барлығы мектептен 3 км - ден артық орналасқан  Арқалық,С.Сейфуллин және Ш.Қалдаяқов көшелерінің - 55 оқушысы қамтылды.Жыл басында оқушылардың ата-аналарынан Ақкөл ауылдық округінің әкімі Ә.Абдрахманның атына өтініш жазылды.Өтініштері қаралып,халыққа қызмет көрсету орталығына тіркеліп, анықтама жауап қайтарылды.Оқушылардың тасымал кезіндегі өмір қауіпсіздігі жайлы 2021 жылдың 24 тамыз күні жалпы мектепішілік онлайн ата-аналар жиналысы өтіліп,түсінік жұмысы жүргізілді.Автобус техникалық байқаудан 2021 жылдың 7 сәуірінде  өтілген,Сақтандыру полисі 2021 жылдың 5 желтоқсанынына дейін жарамды.


15 қаңтар -15 ақпан  аралығында мектебімізде «Қауіпсіз мектеп автобусы» Республикалық акциясы өткізілді. «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін» ұранымен, 1-4, 5-7, 8-11 сыныптар арасында  «Жол ережесін білу, бәріңе міндет!» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылып, өткізілді.

«Айлық кезінде«Жолда жүру қауіпсізідігін сақтау» бойынша мектеп оқушыларына жадынама парақтары таратылып, тәрбие сабақтары, флешмоб және бастауыш сыныптар арасында сурет сайыстары өткізілді. «Қауіпсіз мектеп» атты іс – шара ұйымдастырылып, өткізу кезінде «Қауіпсіз балалық шақ!» ұраны  ұстанатын негізгі қағидат болып табылды.

Балалар мен ата-аналардың қатысуымен іс-шаралар ұйымдастырып өткізілді, оның ішінде: көшеде, жолда, үйде, сонымен қатар бөгде адамдармен қауіпсіз жүру ережелерін түсіндіру бойынша «Жарқын бол!» атты сынып сағаттары, «Қауіпсіздік сабақтары» ұйымдасқан түрде өтті.  

Жол қозғалысына қатысушыларды жолда абай болуға шақыру бойынша «Флешмобтар». Бұл іс-шаралар орталық көшелерде, алаңдарда, балалар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін тартумен өткізу ұсынылды. Люминесцентті бояуларды (қараңғыда жарықтандыратын) «Қауіпсіздік шұғыласы», атты сурет байқауы мектебіміздің 1 қабатында, аулада ұйымдастырылды. «Қауіпсіз жол» жол қозғалысының жас инспекторларының байқауы өтілді. Қозғалыстың жас инспекторларының оқушыларға жарық шағылыстыратын білезіктерді тапсырумен жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы театрландырылған концерт ұйымдастырылды.