Ақкөл жалпы орта мектебінде ақпан айының 24 мен 29-наурыз аралығында  «Бақыттымыз бәріміз!» атты психология апталығы болып өтті.

Онда  шағын орталық, мектепалды даярлық тобы,1-11 сыныптар ,педагогикалық ұжым мүшелері, ата-аналар комитетінің белсенді мүшелері қамтылды. Апталықтың мақсаты: ұжым мүшелерін ,оқушыларды өмірді сүйе ұйымшылдыққа дағдыландыру, өзара қарым-қатынастарын, жақсы қасиеттерін  дамыту. Бұл шара «Жарқын көңіл-күй сыйлаймын!» акциясымен басталды. Мектеп психологі Темирова Райгүл Амангелдіқызының ұйымдастыруымен 11 сынып білім алушыларына өзін игере алу, мінез-құлық тактикасын игеруін қалыптастыру мақсатында «Бізді сәттілік тосып тұр!»,  адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыта отырып, өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру мақсатында 8 сынып білім алушыларына «Өмір сүру қиын емес, сүре білмеу қиын!» тақырыбында тренингі өткізілді. Шағын орталық пен МАД топтарына мектеп психологі Утешева Назгүл Фатихоллақызының  ұйымдастыруымен  «Саусақ жаттығулары»  релаксациялық жаттығулары, және 9 сынып білім алушыларына «Өмір –баға жетпес сый!» тақырыбында тренинг өтті. Шағын орталық тобы ата-аналармен «Ата –ана-бала тәрбиесінің айнасы», «Отбасы – тәрбие  ұясы» тақырыптарында  тренингтер  жүргізіліп, бала тәрбиесіне қатысты негізгі мәселелерді талқыға салып,кеңестер берілді. Мектеп психологі  Сахаева Гүлжан Кадрешқызының ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушыларына  «Сенің есімің» ойын-жаттығуы, 7 сынып ата-аналарымен балаларын қатыстыра отырып,жанұяда өзара сыйластыққа, адамгершілікке, дұрыс қарым –қатынасты қалыптастыру мақсатында  «Бақытты отбасының –құпиясы неде?» дөңгелек үстел,  үзіліс кезінде 6 сынып білім алушыларымен қозғалмалы ойындар өткізілді. Апталық соңында  5-10 сынып білім алушылары арасында   «Менің сыныбым осындай» тақырыбында сынып туралы мәліметтерінен фото-коллаж  байқауы ұйымдастырылып, ерекшеленген жұмыстар лездемеде дипломдармен  марапатталды.

 

 

Ақкөл жалпы орта мектебінде ақпан айының 24 мен 29-наурыз аралығында  «Бақыттымыз бәріміз!» атты психология апталығы болып өтті. Апталық барысында жоспарға сәйкес 5 сынып жетекшілері рухани ізгілік сабақтарын өткізді. 5 «а» сыныбының сынып жетекшісі Есқали Гүлмира білім алушылардың бір-біріне деген сыйластық қасиеттерін арттыру ,адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге үйрету мақсатында  «Адамгершілік-асыл қасиет» тақырыбында рухани-ізгілік сабағын өткізді. 5 «г» сыныбының жетекшісі Жұмағазиева Альфияның  ұйымдастыруымен  «Мен  қайталанбас жеке -тұлғамын!» және  5 «б» сыныбының жетекшісі Медьяева Ботагөздің ұйымдастыруымен  «Қарым-қатынас мәдениеттілігі» тақырыбында  рухани-ізгілік сабақтары өтті.