Ақкөл жалпы орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық

педагогикасы»тақырыбындағы онкүндіктің ұйымдастырылуы туралы

 

Х а б а р л а м а

 Ақкөл жалпы орта мектебінде ақпан айының 3 мен 12-і  аралығында  «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»тақырыбындағы онкүндік  шарасы өтті. 3 ақпан күні  мектепішілік лездемеде онкүндіктің  өту барысы жөнінде хабарланды. 4 ақпан күні сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Балаға жүрек жылуы» С.А.Назарбаеваға арналған тақырыптық сабақтар мен сынып сағаттары өткізілді. 5 ақпан күні мектеп кітапханашысы Қаражигитова Нұргүлдің ұйымдастыруымен 3-4 сынып білім алушыларына   «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог-гуманистердің шығармаларының көрмесі ұйымдастырылды. 6 ақпан күні 9 сынып білім алушыларына өзін- өзі тану мұғалімі Утешева Назгүлдің ұйымдастыруымен «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» тақырыбында әңгімелер мен білім алушылардың әлеуметтік жобаларының презентациялары өтті. 6 ақпан күні қазақ тілі пән бірлестіктігінің ұйымдастыруымен «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында мәнерлеп оқу  байқауы ұйымдастырылды.  7 ақпан күні өзін өзі тану пән мұғалімі Сахаева Гүлжан Кадрешқызы 3 сынып білім алушыларына  «Мейірімділік –асыл қасиет » тақырыбында ашық сабақ өткізді.7 ақпан күні өзін-өзі тану пәнінің  мұғалімі Темирова  Райгүл  Амангелдіқызының  ұйымдастыруымен,  білім  алушыларға  «қоршаған  орта», «үндестік»  ұғымдарын  түсіндіру  арқылы  қиянат  жасамау құндылығының мәнін ашу  мақсатында   6 «А» сыныбына  «Мен  және  қоршаған  әлем» тақырыбында  ашық  сабақ  өткізілді. 7 ақпан күні тарих пәнінің мұғалімі Сабирова Үміт Ғалымжанқызының ұйымдастыруымен 10 сынып білім алушыларына   патриоттық, адамгершілік, қайырымдылық қасиеттерін қалыптастыру бағытында «Ел тарихын білесің бе?» тақырыбында  дебат өткізілді. 7 ақпан күні «Руханилықтың мөлдір бұлағы» тақырыбында ана, мейірім, бейбітшілік және достық туралы түсініктерін қалыптастыру бағытында 7-8 сынып білім алушыларымен шығармашылық жұмыстар көрмесі  ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды. 10.02 күні музыка жетекшісі Амирова Арайдың ұйымдастыруымен «Ән көңілдің ажары» тақырыбында ән кеші  өткізілді. 10 ақпан күні Мукашалиева Жанаргүлдің ұйымдастыруымен 9 сынып білім алушыларына «Салауатты –өмір салты» тақырыбында  театрланған қойылым  өткізілді. 11 ақпан күні Иралиева Динараның ұйымдастыруымен «Қайырымдылық-жер бетінде!» тақырыбында флешмоб және «Жүректен жүрекке», «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» тақырыптарында үйден оқитын оқушыларға қайырымдылық акциялары мен қайырымдылық марафондар өткізілді. 11 ақпан күні Джаменова Әлияның ұйымдастыруымен 7 сынып білім алушыларын  спорттық кешендерге, ойын-сауық орталықтарына  тегін апарып, таныстыру ұйымдастырылды. 12 ақпан күні өзін-өзі тану бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады!» тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.  12 ақпан күні, өзін-өзі тану пән мұғалімдері  «Сүйіспеншілік өмір негізі» тақырыбында ашық сабақтарын өткізді.

 

Бірлестік жетекшісі:                Г.К.Сахаева