Құрманғазы аудандық білім бөлімі Атырау облысы білім беру басқармасының 2017 жылдың 23 тамыздағы №15-4-13/2121 санды хатына сәйкес Ақкөл жалпы орта мектебінде ыстық тамақпен 1-4 сыныптардағы -414 бала,5-11 сыныптардағы аз қамтылған -13 отбасы баласының тізімі дайындалды.Барлығы- 427 бала қамтылып отыр. Мектеп асханасы 2 ғимаратта орналасқан, 52 орындық,буфеттік жүйе қарастырылмаған, су құбыры орталықтан тартылған.аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі санитарлық тексеру жүргізіп,асхананың жұмыс жасау дайындығы анықталып,жұмыс жасауға жазбаша рұхсат берілді.Жалпыға бірдей оқу қорынан 13 000 000 теңге қаржы бөлінді.Бір бала күнге 205 теңгенің тамағын ішіп отыр. Ыстық тамақтың берілуін қадағалау комиссиясын  құру туралы мектеп директорының 2018 жылдың 28 тамыздағы №161 бұйрығы шығарылды.Ыстық тамақпен қамту үшін 2018 жылдың 17 наурыз күні №34 ЖК «Махмудова Б.К.»келісім шарт жасақталды.Ыстық тамақпен қамту үшін жасақталған жоспарға сай 1-4 сынып оқушыларына «Зиянды тағамдар» тақырыбына мектеп медбикесімен бірігіп дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 7-8 сыныптарында «Тамақтану тәртібі» тақырыбында сынып сағаты өтіліп,жаднама үлестірілді.Сынып сағатының мақсаты-адам денсаулығына тамақ мәзірінің пайдасы туралы айтылды.Мүмкіндігі шектеулі 5 б,в сынып оқушылары Абуев Тілек пен Қожағалиев Ерасыл  үйлеріне барып,тиесілі тамақтары жеткізілді.

 

 

Әлеуметтік педагог:                           Т.Т.Шаяхметова

 

Аспазшы Жанна Рысова балаларға ыстық тамақ құйып беруде.

 

 

                     Дайын тамақ мәзірі

 

 

 

2 б сынып оқушылары тамақты сүйсіне жейді

 

 

Тазалық денсаулық кепілі дегендей қол жууда

 

 

 

1 б сынып оқушылары тамақты тауысып ішеді.

 

 

                                    Асхана бұрышы жасақталған.

 

 


 

 

 

Mектептегі тамақтандыру