«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі»мемлекеттік мекеменің «Ақкөл жалпы орта  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық  АНЫҚТАМА

 

І Кіріспе

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақкөл жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мектеп)-мектеп директоры басқаратын,өз құзыреті шегінде функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады, жүзеге асыратын жергілікті атқарушы мемлекеттік мекеме.

  Мектеп бір немесе бірнеше оқу бағдарламаларын жүзеге асырады және білім алушыларды күту мен тәрбиелеуді жүргізуді қамтамасыз етеді.

Мектепте 95 педагогикалық қызметкер, 58 техникалық қызметкер жұмыс істейді.  Жалпы 153қызметкер

Оқушы 885, сынып саны 41, мектеп алды даярық сыныбы 5, шағын орталық 7 топ, 2 ауысымда оқитын мектеп.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы маниторингтің мәні:

 Мектептегі сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы жүргізуі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақкөл жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы,Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылы,С.Құспанов көшесі 6 үй,телефон номері:87123371148 эл.поштасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

Басталды: 24 тамыз 2020 жыл.Аяқталды: 26 тамыз 2020 жыл

  1. Бақыланатын кезең: 2020 жылдың 1 қаңтары мен 2020 жылдың 25 желтоқсан аралығы

 

ІІ Ақпараттық талдамалық бөлім

  Ақкөл жалпы орта мектебі бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жем қорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Рсепубликасының 2015-2025  жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Рсепубликасы Президентінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 986-Жарлығы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы»Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-Ү Заңы  басшылыққа алынып, «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс қимыл шараларының 2018 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» бөлімінің 2017 жылғы 28 желтоқсан күнгі № 908 санды бұрығын  іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында мектепішілік іс шаралар  жоспары жасақталып, жоспар мектепішілік барлық қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге таратылып, жүзеге асырылуда.

1)2020 жылдың 8 айы бойынша бөлімде қабылданған құқықтық акт саны: Бұйрықтар: А) Кадрлар-128      Ә) Негізгі-52    Б) Оқушылардың қозғалысы -29   Барлығы: 209 бұйрық берілген. Құқықтық актілердің дұрыс  жасақталуы бақылануда. Түрлі тексерістер кезінде  қатаң есептегі құжаттар тобында мектептің бұйрықтар кітабының жүргізілуі бақыланып отыр. 2017 жылдың 5 қазан күні мектеп жарғысы жаңадан бекітілді.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі. Жыл ішінде 1 маман жұмысқа алынды.

           

 

Саны

 

Пән бойынша

Орыс тілі -1

Барлығы: 1

 

Еңбек kz

1

 

 

 

  

 

 

   Мектеп директорының орынбасарларының бос лауазымдарға қабылдау нұсқаулығы қатаң сақтала отырып, жүргізілді. 4) Мектеп мұғалімдерінің педагогтардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету педагог имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстарының жүргізілуі бойынша 1 түсінік жұмысы жүргізілді.

5) Бюджет қаражатының уақтылы және толық игерілуі бағытында жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылдың қаржы есебі 011 республикалық бюджет бойынша ерекшелік бойынша  еңбек ақы 78683т, жергілікті бюджеттен еңбек ақы  258538т, «Балапан»  бойынша 3314000т, 151 ерекшелігі бойынша комуслуг  3358000т, 149 ерекшелік бойынша конц. Хоз. Техн ремонт 3374000т, 152 ерекшелігі бойынша байланысқа 1489000т, осы қаржының ішінде ыстық тамаққа 23644000т 1-4с, 161 ерекшелігі бойынша іс  сапарға 792000т,163 ерекшелігі бойынша аз қамтылған отбасы балаларына киім 500000т, Мектепте мемлекеттік  сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақталуда:

Сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салуды алдын алу мақсатында мемлекеттік мүлікті пайдаланудың бақылауын күшейту бойынша: Мектепте мүліктерге және тауарды материалдарды құндылықтарға  түгендеу  жылма жыл қараша айында өткізіліп, желтоқсан айында қорытындысы жинақталып отырады.

 Қаржылық құжаттарды рәсімдеу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны басшының өзімен қол қою (өзге тұлғаларға бермеу) мәселесі қатаң сақталады. «Сыбайластыққа жол жоқ!» тақырыбында құқықтық оқыту семинар жиналыстарын ұйымдастыру, біліктілік арттыру курсынан  өткен -  3 мұғалім.

6)  Мектепте 4 мемлекеттік көрсетілетін  қызмет бойынша 2 түсіндіру жұмысы жүргізілді.

  Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мен қолжетімділігін қамтамасыз етуде дәлізде ақпараттық стенд: «Мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбымен 2018 жылдың 5 қаңтар күні жасақталып, ілінген, жыл ішінде 2 рет жаңартылып отырады.

8) Мектепте 2020 жылдың 8 айында барлығы 108 өтініш -арыздар түсіп, оның : 58 жеке тұлғадан өтініш арыздар түсіп, ал, ата-аналар 50 өтініш-арыздар түсіп, 2-уіде түсіндірілді. Мектепке түскен арыздарға уақтылы үнемі жауап беріліп отыр. Уақыты бұзылған өтініштер жоқ.

9) Мектеп ғимаратында тұрғындар үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі»орнатылған. 2020 жылдың 8 айында хат келіп түскен жоқ, мектеп инспекторымен бірігіп, хаттар талданды, түсінік жұмыстары жүргізілді. Сенім жәшігіне мектептің сенім телефоны ретінде 7-11-47 нөмірі бекітілген.

10) Мектепте «Парасатты азамат» тақырыбындағы бұрыш жасақталды. Жыл ішінде 4 рет материалдары өзгертіліп тұрды.

   Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар барысында мектептегі «Адал ұрпақ» клубы қызметінің жұмыстары:

Клуб жетекшісі аға тәлімгер Д.Иралиева тағайындалды. Мүшелері: 1-11 сынып оқушыларынан -36 оқушы қамтылды.  Жоспары жасақталып, бекітілді. «Адал ұрпақ» тақырыбында стенд жасақталды. Стенд 2020 жылдың 8 айлығында 3 рет жаңартылды. Жоспарға сай барлық шаралары уақтылы өткізіліп отыр. 

«Рухани-адамгершілік және азаматтық патриоттық» тәрбиелеу мәнінде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыруда мектепте сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәдениетті қалыптастырудың көздеген түрлі жоспарлы шаралар өткізілді. 

Жыл ішінде өтілген шаралар мониторингі:

р/с

Мазмұны

Саны

Қатысушылар саны,қамтылуы

Үздігі

Ата-ана

Мұғалім

Қоғамдық ұйым,мемлекеттік және құқық қорғау орган өкілдері

            Оқушылармен жүргізілетін шара

1

Сынып сағаттары

32

25

48

10

 8«б» сынып

Жемқорлыққа жол жоқ!

2

Мектепішілік шара

10

28

14

3

«Жемқорлыққа жол жоқ!» көрініс байқауы

Тәлімгер Иралиева Д.К

3

«Адал ұрпақ» клубының өткізген шарасы

3

22

12

5

«Жемқорлық-қоғам дерті!»

9-11сыныптар

            Ата-аналар үшін өткен шара

1

Ата-аналар жиналыстарында түсіндіру шаралары

2

320

68

11

-

2

Мектепішілік шара

3

110

15

2

«Сыбайластықтың тағдыры қысқа»

            Педагогтармен жүргізілген шара

1

Түрлі жиналыстарда түсіндіру шаралары

2

-

92

3

-

2

Мектепішілік шара

3

-

42

6

«Жемқорлықсыз қоғам»

 

Жалпы

65

600

303

50

 

 

Былтырғы жылмен  салыстырғанда

+6

+2%

-1%

+2%

 

               

 Барлық білім беру ұйымдарында ақша жинауды бодырмау, мектеп бітіру мен мерекелерде мұғалімдерге сыйлыққа ата-аналардан, оқушылардан  ақша жинауды болдырмау шаралары үнемі қатаң қадағалуға алынып отыр. Барлық білім беру ұйымдарында «Құрметті ата-аналар ақша жинауға тиым салынады» банері жасалып, мектептің көрнекі жері, яғни мектеп алдына орналастырылды. Биылғы оқу жылын бітірушілер үшін саланатты шаралардан кейін мектеп әкімшілігі тарапынан кештер ұйымдастыру болған жоқ.

   Мектепте «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Тұрмыстық жемқорлықты жоямыз да азаматтарға қолайлы жағдай жасаймыз», «Мектепте ақша жинауға болмайды!» және «Параға  емес, биікке ұмтыл!» және т.б.тақырыбымен халық арасында насихаттау және түсіндіру мақсатындағы кезекті даярланған жадынама үлгілері көрінікті жерге орналастыру тапсырмасы орындалып, мектеп фойесіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында стенділеріне ілінді. Жыл ішінде таратылған жадынамалар саны:

р/с

Кезекті даярланған жадынама тақырыбы

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде таратылым саны

Мекепішілік шаралардағы таратылым саны

Ата-аналарға

Мұғалімдерге

Ата-аналарға

Мұғалімдерге

Оқушыларға

1

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»

197

68

72

55

85

2

Жемқорлық қоғам дерті!

162

74

136

31

100

 

    Мектептердегі сынып сағаттарының және мектепішілік шаралары интернет ресурстарда және БАҚ-да жариялануы көрсетілген ақпарат жинақталған.

р/с

Сынып сағаттарының және мектепішілік шараларының атауы өткен мерзімі

Facebook және т.б.интернет ресурсындағы парақшалар атауы мен жарияланған мерзімі тақырыбы

1

«Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы» жобалар байқауы 23.01

Аудан  Алғыс хат

https:/www.facebook.com/  Досалиева Райзада

2

«Адалдық дүкені» ұйымдастыру. Тоқсанға 1 рет

 

 

https:/www.facebook.com/  Досалиева Райзада

3

«Менің бүгінгі сабағым-жемқорлықсыз қоғам» мұғалімдер арасында дәріс 24.02

4

«Жемқорлық індет, күресу міндет» басқосу 6.03

 

  Мектепте жұртшылық арасында насихаттау және түсіндіру жұмыстары басшылары тарапынан бақыланып отыр.  Мысалы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңнамасының түсіндірілуі, насихаттау жұмыстарының барысы 2020 жылы 2 рет мектеп  әкімшілігі жиналысында қаралды.

  Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілерге жол бермеу мақсатында педагог қызметкерлер мен оқушылардың және олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыру жолға қойылды.

1 1) Мектепке қатысты сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын мәселелер болған жоқ.

1 2) Мектептегі ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа ешқандай тәуекелдер анықталмады.

1)Мектептегі  «Kundelik» бірыңғай ақпараттық жүйесін пайдалану  және «Bilimland» білім платформасы сандық білім беру ресурсы жүйесін пайдалану жұмыстарын талапқа сай жүргізілуде.

Ақкөл жалпы орта мектебінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

ІІІ Қорытынды:

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ақкөл жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылады:

1)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай  құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіру;

2)сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шараларды басылым беттеріне жариялауды жандандыру.

Ішкі талдауды жүргізгендер:

1.Жумагазиева Айнур Танатаровна - мектеп  директорының оқу ісі бойынша орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі

2.Досалиева Райзада Махамбетовна - мектеп директорының тәрбие орынбасары жұмыс тобының хатшысы

Жұмыс тобының мүшелері:

3.Камидуллина Майра Тайырқызы - мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

4.Шайхимова Самалгүл  - кәсіподақ ұйымының басшысы

5.Шаяхметова Тайжан Тельжанқызы - әлеуметтік педагог

  1. Нұрмұхаметова Гүлжан –бас есепші
  2. Букетова Гүлмира Калиаскаровна-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасар

 

 

 

                   Мектеп директоры:                                                  А.Ж.Қаржауова