15 қаңтар -15 ақпан  аралығында мектебімізде «Қауіпсіз мектеп автобусы» Республикалық акциясы өткізілді. «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін» ұранымен, 1-4, 5-7, 8-11 сыныптар арасында  «Жол ережесін білу, бәріңе міндет!» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылып, өткізілді.

«Айлық кезінде«Жолда жүру қауіпсізідігін сақтау» бойынша мектеп оқушыларына жадынама парақтары таратылып, тәрбие сабақтары, флешмоб және бастауыш сыныптар арасында сурет сайыстары өткізілді. «Қауіпсіз мектеп» атты іс – шара ұйымдастырылып, өткізу кезінде «Қауіпсіз балалық шақ!» ұраны  ұстанатын негізгі қағидат болып табылды.

Балалар мен ата-аналардың қатысуымен іс-шаралар ұйымдастырып өткізілді, оның ішінде: көшеде, жолда, үйде, сонымен қатар бөгде адамдармен қауіпсіз жүру ережелерін түсіндіру бойынша «Жарқын бол!» атты сынып сағаттары, «Қауіпсіздік сабақтары» ұйымдасқан түрде өтті.  

Жол қозғалысына қатысушыларды жолда абай болуға шақыру бойынша «Флешмобтар». Бұл іс-шаралар орталық көшелерде, алаңдарда, балалар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін тартумен өткізу ұсынылды. Люминесцентті бояуларды (қараңғыда жарықтандыратын) «Қауіпсіздік шұғыласы», атты сурет байқауы мектебіміздің 1 қабатында, аулада ұйымдастырылды. «Қауіпсіз жол» жол қозғалысының жас инспекторларының байқауы өтілді. Қозғалыстың жас инспекторларының оқушыларға жарық шағылыстыратын білезіктерді тапсырумен жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы театрландырылған концерт ұйымдастырылды.